Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Балалы отбасыларды қолдау шараларын күшейту туралы

Балалы отбасыларды қолдау шараларын күшейту туралы

Қазіргі уақытта балалы отбасыларды қолдаудың қолданыстағы моделі мемлекеттік жәрдемақылар мен төлемдердің 6 түрін қамтиды.
Жаңа Әлеуметтік кодекстің жобасында да осы әлеуметтік қолдау шараларының барлығы толық сақталған.
Оған қоса, биылдан бастап балалы отбасының жекелеген санаттарын қолдаудың қолданыстағы шараларын күшейтуге бағытталған бірқатар жаңалықтар енгізілді.
Олардың ең негізгілерінің бірі - ағымдағы жылғы 1 қаңтарданбала күтімі үшін берілетін төлемнің мерзімі бала бір жарым жасқа толғанға дейін ұзартылды.
Аталған норма жұмыс істейтін де, жұмыс істемейтін де ата-аналарға қолданылады.
Сәйкесінше, бала күтімі бойынша жәрдемақы жұмыс істейтін ата-аналарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан, ал жұмыс істемейтіндер ата-аналарға бюджеттен төленеді.
Бұл ретте,ата-ананың әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі неғұрлым көп болса,бала күтімі бойынша әлеуметтік төлем мөлшері соғұрлым жоғары болады.
Аталған төлем мөлшері Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына соңғы екі жылдағы аударымдар жүргізілген орташа айлық табыстың 40%-ын құрайды.
Мемлекеттік жәрдемақының мөлшері республикалық бюджет туралы Заңмен тиісті қаржы жылына белгіленетін айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК) мөлшерінің өзгеруі ескеріле отырып белгіленеді.
01.01.23ж. бастап бала күтіміне байланысты жәрдемақы тууы кезектілігіне байланысты бірінші балаға -19872 теңге(5,76 АЕК, 2023ж. АЕК мөлшері 3450 теңге), екінші балаға - 23495 теңге (6,81 АЕК), үшінші балаға - 27083 теңге (7,85 АЕК), төртінші және одан да көп бала туылғанда- 30705 теңге(8,90 АЕК) мөлшерінде төленеді.
Қызылорда облысы бойынша республикалық бюджеттен бала бір жарым жасқа дейінгі күтімі үшін мемлекеттік жәрдемақыны алатын жұмыс істемейтін ата-аналардың саны-3906, ал Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан осы күтім үшін әлеуметтік төлем алатын жұмыс істейтін ата-аналардың саны-15829 құрайды.
Сонымен қатар, бала күтімімен айналысатын ата-аналарға орташа айлық табысының 10% мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау қарастырылған.
Яғни, ата-ана баласы бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді алушылар үшін міндетті зейнетақы жарналары бюджет қаражаты есебінен субсидияланады.
Ай сайынғы бюджеттік субсидиялардың мөлшері әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген орташа айлық кіріс мөлшерінен есептелген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы мен бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемнен ұсталатын міндетті зейнетақы жарнасы сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалады.
2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бюджеттік субсидия алушылар болып табылатын тұлғаларға, жоғарыда көрсетілген субсидия тағайындалған кезең бала бір жарым жасқа толғанға дейін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелеріне сай ұзартылды.

Еңбек және әлеуметтік қорғау Комитетінің
Қызылорда облысы бойынша департаменті
03 наурыз 2023 ж. 346 0