Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 5 наурызға арналған ауа райы болжамы

5 наурызға арналған ауа райы болжамы

5 наурызда Қазақстан аумағының басым бөлігі солтүстік-батыс циклонының және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктердің ықпалында болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Осыған байланысты жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, желдің күшеюі болжанады. Елдің солтүстігінде, шығысы мен орталығында бұрқасын күтіледі. Оңтүстікте – найзағай, барлық өңірде тұман мен көктайғақ болады», делінген «Қазгидромет» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын жауады. Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі.
05 наурыз 2023 ж. 297 0