Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде коронавирус инфекциясына шалдыққандар азайған

Елімізде коронавирус инфекциясына шалдыққандар азайған

Денсаулық сақтау министрлігінің 5 наурызда ұсынған мәліметіне сәйкес, өткен тәулікте елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырудың 38 жағдайы тіркелді. Бұл алдындағы күннің статистикасымен салыстырғанда айтарлықтай төмен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Айта кетсек, 4 наурызда ҚР-да коронавирус инфекциясын жұқтырудың 97 жағдайы, коронавирус белгілері бар пневмонияның 8 жағдайы тіркелген еді.

5 наурыздағы мәлімет бойынша, бүгінгі таңда елімізде 1 726 адам коронавирус инфекциясынан (–1 560+ және 166 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 121 науқас стационарда, 1 605 адам амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 2 адамның жағдайы ауыр.
05 наурыз 2023 ж. 209 0