Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Журналистер арасындағы турнир

Журналистер арасындағы турнир

2023 жылғы 4 наурыз күні Астана қаласындағы Zodiak бильярд клубында зиялы қауым мен БАҚ қызметкерлері арасында Жолдасбек Дуанабай атындағы дәстүрлі бильярд турнирі өтті деп хабарлады turkystan.kz.

Аталмыш іс-шараны Aiqyn, «Литер» және Turkistan газеттері қазақ басылымдарына елеулі еңбек сіңірген белгілі журналист, Б.Бұлқышев атындағы сыйлықтың лауреаты, мәдениет қайраткері Жолдасбек Дуанабайдың құрметіне ұйымдастырды.

Бильярдтан журналистер арасында Жолдасбек Дуанабай атындағы турнир өтті
Турнирде ҚР Жоғары ұлттық дәрежедегі төреші Несіп Жүнісбайұлы төрешілік етті.

Жарыста жалпы саны 48 адам бақ сынады. Ойын қорытындысы бойынша 55 жастан асқандар санатында:

І орын (100 мың теңге) – ЕҰУ Журналистика және саясаттану факультетінің деканы, ғалым Қайрат Сақ;

ІІ орын (70 мың теңге) – журналист Әлімжан Сабыржанұлы;

ІІІ орын (50 мың теңге) – жазушы, ардагер журналист Несіп Жүнісбайұлына бұйырды.

Ал 55 жасқа дейінгілер санатында:

І орын (100 мың теңге) – журналист Нұрділдә Ораз;

ІІ орын (70 мың теңге) – ақын, драматург Ұларбек Нұрғалым;

ІІІ орын (50 мың теңге) – «Хабар» агенттігінің журналисі Ахметәлі Саққа бұйырды.

syrboyi.kz
05 наурыз 2023 ж. 199 0