Өткен тәулікте 34 адамнан коронавирус анықталды
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте 34 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
1 717 адам коронавирус инфекциясынан (–1 552+ және 165 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 121 пациент стационарда, 1 596 науқас амбулаториялық деңгейде.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 2 адамның жағдайы ауыр, 3 пациенттің жағдайы өте ауыр, 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.