Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Көлік салығын 1 сәуірге дейін төлеу қажет

Көлік салығын 1 сәуірге дейін төлеу қажет

Мемлекеттік кірістер комитеті 2022 жылға жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықты 2023 жылдың 1-сәуірінен кешіктірмей төлеу керегін ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz Кірістер комитетіне сілтеме жасап.

Көлік құралдарына салынатын салықтың сомасын kgd.gov.kz web-порталында орналыстырылған салық калькуляторының көмегімен немесе «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасында дербес есептеуге болады.

Сонымен бірге салық органдарымен есептелген алдағы төленетін көлік құралдарына салынатын салықтың сомалары «Каспий банк» АҚ мобильді қосымшаның пайдаланушыларына PUSH-хабарлама түрінде наурыз айында жіберілетін болады.

Есептелген салық сомаларын «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасының «Электронды сервистер»→«ЖТ және ЖК алдағы төлемдерді төлеу қызметі» сервисінде, сондай-ақ «Каспий банк» АҚ мобильді қосымшасында көруге болады.
12 наурыз 2023 ж. 537 0