Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Зейнетақы аннуитетінің барлық жаңалықтары

Зейнетақы аннуитетінің барлық жаңалықтары

Ағымдағы жылдың 14 наурызында БЖЗҚ-ның барлық филиалдарында онлайн-форматта кезекті Ашық есік күні өтеді.
Бұл жолғы шараның тақырыбы – Зейнетақы аннуитеті зейнетақы төлемдерін алу нұсқаларының бірі ретінде.
Естеріңізге сала кетейік, зейнетақы аннуитеті – бұл өмірді сақтандыру компаниялары ұсынатын және зейнетақы жинақтары жеткілікті болған жағдайда БЖЗҚ салымшыларына (алушыларына) өмір бойғы төлемдерді ала бастауға, оның ішінде Заңда белгіленген зейнеткерлік жастан бұрын алуға мүмкіндік беретін өнім.
Өзінің мазмұны бойынша зейнетақы аннуитеті – бұл БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерімен қатар, еңбек қызметі аяқталғаннан кейін басқа кіріс көздері болмауы мүмкін болашақтағы қажеттіліктерді өтеуге арналған зейнетақымен қамсыздандыру құралы.
ҚР «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын, банк қызметін реттеу және дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 12 шілдедегі № 138-VII Заңымен зейнетақы заңнамасына 12.09.2022 жылдан бастап күшіне енген, салымшыларға (алушыларға) жұбайларымен немесе жақын туыстарымен бірге зейнетақы аннуитеті шартын жасауға мүмкіндік беретін өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Ол сақтандыру ұйымдарынан өмір бойы сақтандыру төлемдерін қамтамасыз ету арқылы әйелдердің төменгі зейнетақыларының гендерлік мәселесін ішінара шешуі мүмкін.
Ерлі-зайыптылар бірлескен зейнетақы аннуитетін сатып алу үшін зейнетақы жинақтарын біріктіре алады. Мысалы, егер зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін ерлі-зайыптының бірінде зейнетақы жинақтары жеткіліксіз болса, ал екіншісінде артық қаржы болса, онда бірлескен зейнетақы аннуитеті арқылы ерлі-зайыптылардың екеуі де өмір бойына төлем алып отыруды қамтамасыз ете алады. Бірлескен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу кезінде ерлі-зайыптының екеуіне де сақтандыру төлемдері жеке-жеке тіркеледі және сақтандыру төлемдерінің дербес кестесі жасалады.
Ерлі-зайыптылар ай сайынғы сақтандыру төлемдерін өмір бойы алады, оның ішінде неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған жағдайда, олардың бірлескен мөлшері сақтандыру төлемдерінің кестесінде белгіленген мөлшерде, зейнетақы аннуитеті шартын жасасу күніне қолданыста болған ең төменгі күнкөріс деңгейінің (КД) 1,4 еселенген мөлшерінен төмен болмауы тиіс.
Ерлі-зайыптылардың бірі қайтыс болған жағдайда, екіншісі зейнетақы аннуитетінің бірлескен шартына сәйкес (КД кемінде 0,7) өзінің жеке сақтандыру төлемдерін кесте бойынша алуды жалғастыра береді.
Осылайша, бірлескен зейнетақы аннуитеті қартайған кезде қаржылық қамтамасыз етудің төмен болу тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді.
Сақтандыру және жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мұндай құралының қалай жұмыс істейтіні туралы Ашық есік күніне қатысушылар толық білетін болады.
Бұдан басқа, БЖЗҚ мамандары салымшылардың (алушылардың) шартқа отырған күннен бастап екі жыл уақыт өткен соң сақтандыру ұйымына зейнетақы аннуитеті шартының талаптарын сақтандыру төлемдерінің мөлшерін азайту және ақшаны БЖЗҚ-ға қайтару бойынша өзгерту туралы өтінішпен жүгінуге құқығы бар екендігі туралы хабардар етеді. Сондай-ақ, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты барлық сұрақтарды жауапсыз қалдырмай, қалауына қарай, әр салымшыға жеке кеңес беретін болады.
«Ашық есік күні» онлайн-форматта 14 наурыз Қызылорда қаласы бойынша жергілікті сағат 10:00, 12:00 және 15:00 өтеді. Қосымша сұрақтар бойынша 87014829351 ватсап нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз.
"БЖЗҚ" АҚ өз салымшыларын (алушыларын) және барлық ниет білдірушілерді "Ашық есік күні" іс-шарасында күтеді!

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).


13 наурыз 2023 ж. 265 0