Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Байқоңырдағы Ресейге тиесілі мүліктің бір бөлігі Қазақстан меншігіне өтті

Байқоңырдағы Ресейге тиесілі мүліктің бір бөлігі Қазақстан меншігіне өтті

Байқоңырдағы Ресейге тиесілі мүліктің бір бөлігі Қазақстан меншігіне өтті. Бұл туралы Үкіметтің мүлікті республикалық меншікке қабылдау туралы қаулысында айтылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

Телеарна мәліметінше, Қазақстан өзінің мемлекеттік меншігіне 1991 жылы шығарылған "Экран-М" жерсерігін, оның құрамдас бөліктері мен бөлшектерін, 1993 жылы шығарылған құрастыру-қорғау блогы, 1991 жылы шығарылған нысандарды тестілеу жүйесі мен 1986 жылы құрастырылған жүйенің екі данасын алатын болды.

"Бұл мүліктер қалай пайдаланылады? Біріншіден, "Экран-М" бұл телекоммуникациялық спутник. 90-шы жылдардың басында жасалған. Ол оқу макеті ретінде пайдаланылады. "Ғалам" ЖШС-не берілейін деп отыр. Ол жақта жас инженерлер тәжірибе ретінде қолдана алады. Ал 1993 жылы шығарылған құрастыруқорғау блогын Байқоңыр музейіне экспонат ретінде өткіземіз", - дейді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы Баубек Оралмағамбетов.

14 наурыз 2023 ж. 238 0