Өткен тәулікте 114 адамнан коронавирус анықталды
Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған ақпаратқа сәйкес, өткен тәулікте 114 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
1 849 адам коронавирус инфекциясынан (–1 664+ және 185 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 131 пациент стационарда, 1 718 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 3 адамның жағдайы ауыр,
• 3 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 3 науқас ӨЖЖ аппаратына қосылған.