Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Оқушылардың көктемгі демалыс күндері белгілі болды

Оқушылардың көктемгі демалыс күндері белгілі болды

16 наурызда Оқу-ағарту министрлігі 9 күнге созылатын көктемгі демалыс күндерін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Оқушылардың көктемгі демалысы 2023 жылдың 18 наурызы мен 26 наурыз аралығында, яғни 9 күн демалады», деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

2022 жылғы желтоқсанда меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жалпы білім беретін мектептерде оқу жылының басталуы мен аяқталу мерзімі белгіленді.

Оқу жылының негізгі мерзімі 1 қыркүйек пен 31 мамыр аралығы:

1-11 (12) сыныптардағы оқу жылындағы тоқсандар мен каникулдардың ұзақтығы:

1 тоқсан – 8 оқу аптасы, күзгі каникул – 7 күн (31 қазан мен 6 қараша аралығы);
2 тоқсан – 8 оқу аптасы, қысқы демалыс – 9 күн (31 желтоқсаннан 8 қаңтарға дейін);
3-тоқсан – 10 оқу аптасы, көктемгі демалыс – 9 күн (18-нен 26 наурыз аралығы);
4 тоқсан - 10 оқу аптасы;

Сонымен қатар 1-сыныпта қосымша демалыс – 7 күн (6-12 ақпан аралығы).
16 наурыз 2023 ж. 330 0