Дәрігер холестерин деңгейін дәрісіз түсірудің 5 жолын атады
Дәрігер Филипп Кузьменко өмір салтын өзгерту арқылы дәрісіз холестерин деңгейін түсіруге болады дейді. Егер холестерин деңгейі көтерілсе мына 5 қарапайым әрекетті орындау керек.Қан сынағындағы холестерин жоғары болса адамдар алаңдай бастайды. Оның қаншалықты қауіпті екенін барлығы біледі. Жоғары холестерин инфаркт пен инсульт қаупін арттырады.
Әдетте, емханалардың дәрігерлері пациенттерге холестерин деңгейі көтерілсе статиндерді - индикаторларды төмендететін препараттарды қабылдай беруді ұсынады. Бірақ кейде холестерин деңгейін қалыпқа келтіру үшін өмір салты мен әдеттерін өзгерту жеткілікті.
"Егер адамның жасы 40-тан асқан болса және қанында холестерин жоғары болса, оған өз бетімен күресуге 3-4 ай уақыт беру керек. Егер жағдай жақсармаса, статин қабылдауға тура келеді", - дейді дәрігер Филипп Кузьменко.
Ол холестеринді төмендету үшін жасалатын 5 қадамды атады:
Диетаны қадағалаңыз
Терапевт өз блогында «қаныққан майларды жемеңіз» деп кеңес береді. Өнімдердің құрамындағы заттаңбада олар "жартылай гидрленген өсімдік майы" деген сөз тіркесінің астында жасырылуы мүмкін.
Қаныққан майлар дүкендерде сатып алынатын печеньелерде, пряниктерде, торттарда және басқа кондитерлік өнімдерде кездеседі.
Дәрігер омега-3 бар тағамдарды жеуге кеңес береді – бұл лосось, майшабақ, скумбрия, жұмыртқа, грек жаңғағы, зығыр тұқымы және т.б тағамдар.
"Талшықты көбірек жеңіз. Бұл көкөністер, жемістер, бұршақ дақылдары, тұтас дәнді дақылдар. Талшық қанға холестериннің сіңуін азайтады. Сарысу ақуызын ішіңіз. Зерттеулер сарысу протеині жалпы холестерин деңгейін төмендететінін көрсетті", - дейді маман.
Көбірек қозғалыңыз
"Дене белсенділігі холестерин деңгейін төмендетеді және жоғары тығыздықтағы липопротеинді (HDL арттырады", - дейді терапевт Кузьменко.
Дәрігердің айтуынша, егер сіз холестеринді азайтқыңыз келсе, жаттығу кезінде жүрек соғу жиілігін міндетті түрде арттыру керек. Ол үшін аптасына бес рет, күніне 30 минут жүрек соғу жиілігін арттыру үшін спортпен айналысыңыз.
"Жүректі тез соқтырмайтын, жаяу жүру жалпы ағзаға пайдалы болғанымен, холостеринді төмендетпейді", - дейді терапевт.
Темекіні тастаңыз
"Егер сіз темекі шегетін болсаңыз, бұл холестерин деңгейі уақыт өте келе көтерілетінін біліңіз. Темекі шегуді тастағаннан соң бір жылдан кейін жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупі екі есе азаяды", - дейді Филипп Кузьменко.
Арықтау
Тіпті 1-2 килограмм артық салмақ холестерин деңгейіне әсер етеді, дәрігер сенімді.
"Жеделсатының орнына баспалдақпен жүру, кеңсеңізден алысырақ автотұрақ сияқты күнделікті жұмысыңызға көбірек белсенділікті қосу жолдарын іздеңіз. Жұмыста үзіліс кезінде серуендеу қажет. Калория күнделігін жүргізіңіз немесе күн ішінде не жейтініңізді суретке түсіріңіз", -дәрігер кеңес береді.
Алкогольді тастаңыз
"Егер сіз тек бір стақан шарап (100-150 мл) ішсеңіз холестерин деңгейі көтерілмеуі мүмкін. Бірақ көпшілік тек бір стақанмен тоқтап қалмайды. Ал алкоголь холостерин деңгейінің көтерілуіне тікелей әсер ететінін ұмытпаңыз", - дейді терапевт.

massaget.kz