Қазақстандықтардың депозитіне тиесілі өтемақы 20 наурызға дейін түседі

"Өтемақы төлеу рәсімінің аяқталып келе жатқанын қуана хабарлаймыз. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры 15 наурызда банктерден салымшылардың тізімін алып, оларды операторға жолдады. Жақын күндері банктер төлемдерді толық көлемде аяқтайды", - деді ҚДКБҚ төрағасының орынбасары Алмас Құдайбергенов.
Банктер екі жұмыс күні ішінде (2023 жылғы 20 наурызға дейін) тиесілі сыйлықақыны өтініш берген депозиторлардың шотына аударады.
Теңгелік депозиттер бойынша 10%-тік өтемақы қаржы министрлігі мен Ұлттық банктің қаражаты есебінен төленеді.
Банктер өтінімді бес ай бойы – 2022 жылғы қыркүйектен 2023 жылғы ақпанға дейін қабылдаған болатын.
stan.kz