20 наурызға арналған ауа райы болжамы
Бүгін ел аумағында қауіпті метеорологиялық құбылыстар болады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың шығысында, оңтүстігінде, орталығында және оңтүстік-шығысында тұрақсыз ауа райы сақталады. Еліміздің шығысында, орталығында қар жауып, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. ҚР бойынша желдің күшеюі, тұман, еліміздің батысында шаңды дауыл сақталады.
Фото: sputnik.kz