Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Диетолог тойымды тағамдарды атады

Диетолог тойымды тағамдарды атады

Ресейлік диетолог Юлия Хрулева «Прайм» агенттігіне берген сұқбатында күні бойына аштықты сезіндірмейтін өнімдерді атады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Хрулеваның айтуынша, талшыққа бай тағамдар (көкөністер, жемістер, жидектер, жаңғақтар, бұршақ тұқымдастар, дәнді дақылдар) ұзақ уақыт тоқ ұстап қана қоймайды, сонымен қатар ас қорыту процесін реттеуге көмектеседі.

Дәрігер атап өткендей, ақуызға бай өнімдер қатарына сүт, ірімшік, жұмыртқа, майсыз ет, құс еті және теңіз өнімдері жатады.

Диетаға авокадо, жаңғақтар, қызыл балықты қосыңыз, бірақ оны нормадан асырып жібермеуге тырысу керек. Өйткені барлық майдың калориясы жоғары, - деп кеңес берді сарапшы.
23 наурыз 2023 ж. 295 0