Сәресін ішпей ораза ұстауға бола ма?
Сәресін ішпей ораза ұстауға болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі muslim.kz сайтына сілтеме жасап.
Алайда, Пайғамбарымыздың: "Бір жұтым су ішсеңдер де сәресін үзбеңдер. Себебі Алла Тағала мен періштелер сәресіге тұрғандарға жақсылық тілейді", - деген өсиеті бар.
Сонымен қатар, сәресіге тұрып ас ішу немесе ең болмаса су ішу не құрма жеу күні бойы адамға қуат береді. Сондықтан ол ораза ұстауда түрлі қиындықтардың алдын алуға септігін тигізеді.
Фото: massaget.kz