Ұсақ бұзақылық жасағандарға жаза қатаңдатылды
Осыдан болар, «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне экологиялық құқық бұзушылықтар және вандализм көріністері үшін әкімшілік жауаптылықты күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 3 қаңтардағы Заңымен ӘҚБтК-нің 434-бабына өзгерістер еніп, 7 наурыз 2023 жылдан бастап қолданысқа енгізілді.
Бұған дейін ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға зәбірлеп тиiсу, ғимараттарды, өзге де құрылысжайларды, тұрғын үй-жайларды, көліктегі және өзге де қоғамдық орындардағы ортақ пайдаланылатын орындарды, мүлікті қорлау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер - бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соқса, бүгінде жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не бестен он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға алып келеді.
Өзгерістер қолданысқа енгеннен кейін Арал аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған азамат Ж-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Сот талқылауы барысында, құқық бұзушының темір жол вокзалы перронында, яғни қоғамдық орында алкогольді масаң күйінде, былапыт сөздер айтып, айналасындағыларға сыйламаушылық білдіріп, ұсақ бұзақылық жасағаны өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, медициналық куәландыру қорытындысымен және өзге де іс құжаттарымен анықталып, бекітілген.
Сот қаулысымен құқық бұзушыға ӘҚБтК-нің 829-11 бабының 2-бөлігі басшылыққа алынып, 48 300 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі