29 наурызда ауа райы қандай болады?
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 29 наурызда Астанада, Шымкентте және бірнеше өңірде тұман және найзағай болатынын болжады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, шығысында түнде және таңертең көктайғақ, тұман болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні - 15-20 м/с.
Астанада түнде және таңертең тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында түнде және таңертең тұман болады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні - 15-20 м/с.
Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнайды, оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күші - 15-20 м/с.
Шымкентте де 29 наурызда күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Павлодар облысының солтүстігінде оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні - 15-20 м/с.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.