Қызмет сапасы артып келеді
Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің сақтауындағы құжаттарды пайдаланудың бір түрі мемлекеттік, басқа да мекемелер мен ұйымдардың, Қазақстан Республикасы азаматтарының, соның ішінде шетелден келіп түскен сұраныстарды орындау болып табылады. Архив әлеуметтік-құқықтық сипаттағы және тақырыптық сипаттағы сұраныстарды орындайды. Ал азаматтар мен ұйымдардың әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұраныстары бойынша мәлімет архивтік анықтама, архивтік көшірме және архивтік үзінді түрінде беріледі.«Архивтік анықтамаларды берудегі басым бағыты атқарып отырған мемлекеттік қызметтің бір түрі. Өтініш берушілердің өтініштерін орындау өтеусіз негізде жүргізіледі. Оны қабылдау және архивтік анықтамаларды беру мемлекеттік архив кеңсесі, «Азаматтарға арналған үкімет» МККе АҚ, «www.egov.kz» веб порталы арқылы жүзеге асырылады. Көрсетілген қызметті берушіге халыққа қызмет көрсету орталығына құжаттарды тапсырған сәттен, сондай-ақ «егов» электронды порталына жүгінген кезден бастап 11 жұмыс күн ішінде беріледі.
Архивтік анықтамасы әлеуметтік-құқықтық сипаттағы келесі мәліметтерді құрайды. Атап айтсақ, жұмыс өтілін, жалақы мөлшерін, білімін, азаматтық хал актілерін, құқық белгілеуші құжаттары, тағы да басқалары жатады. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін екі немесе одан да көп ұйымдардың, сондай-ақ уақыты бес жылдан асқан кезеңнің құжаттарын зерделеу қажет болған жағдайларда, мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғаннан кейін көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге ұзартады. Бұл туралы қарау мерзімі ұзартылған күннен бастап, күнтізбелік үш күн ішінде өтініште көрсетілген мекенжайға хат жолдау арқылы көрсетілетін қызметті алушыға хабарланады.
Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі. Құжаттарды қабылдау кезекке тұру тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен қабылданады. Аудандық архив филиалында өтініштерді қабылдау және архивтік анықтамалар сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін берілсе, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін. Тәулік бойы жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты, техникалық үзілістерді қоспағанда, «электронды үкімет» арқылы түскен сұраныстар күн өте артып келеді. Демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады. Электронды сұраныстарды қабылдау «Электронды қызмет» белгісімен «www.egov.kz» веб порталы арқылы жүзеге асырылады. Көрсетілген мемлекеттік қызметті алу үшін электронды санды қолтаңбамен куәландырылған электронды құжат нысанындағы сұранысты толтыру керек. Сапалы мемлекеттік қызмет көрсету бүгінде мемлекет дамуының аса басты бағыты болып табылады. Бұл халық үшін қолайлы жағдай жасау, бюрократтық тосқауыл және көрсетілетін қызмет берушілер арасында жемқорлыққа жол бермеудің бірден-бір жолы.
Өткен жылдың қорытындысы байынша аудандық архив филиалында барлығы 998 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілді. Оның 127-сі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы болса, Қазақстаннан және шет елден түскені – 201, портал арқылы 670 қызмет көрсетілді. Портал қызметі жылдан жылға көбейіп келеді. Жыл сайын мемлекеттік көрсетілетін қызметті түсіндіру мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен бірлесе отырып, семинарлар, семинар-кеңестер өтеді. Бұл жөнінде ақпарат аудандық архив филиалының фейсбук әлеуметтік желісінде жарияланады.
Қ.Арғынғазиев,
«Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің «Арал аудандық архиві» филиалының қор сақтау қоймасының меңгерушісі