Басты мақсат – сапалы қызмет

Сондай-ақ архивтік анықтамасын беру қызметі ақысыз негізде жеке және заңды тұлғаларға еңбек өтілімі мен еңбекақы төлемдерінің мөлшерін, жасын, білімі мен біліктілігін, мемлекеттік және ведомстволық сыйлармен марапатталғанын, зейнетақылық жарналар мен әлеуметтік салымдардың аударылуын, ғылыми даңқтар мен деңгейлердің тағайындалуын, 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысы кезінде жұмыс істегендігін, азаматтық хал-жағдайлар актілері мен мүліктік құқықтарын растау тәрізді әлеуметтік құқықтық сипаттағы негізде көрсетіледі.
Өткен жылы Арал аудандық архиві бойынша 1360 адамға, соның ішінде алыс және жақын шетелдік жеке және заңды тұлғалар үшін – 18, жеке және заңды тұлғалардан хат арқылы – 85, «Электронды үкіметтің» веб- порталы арқылы – 1221, «Азаматтарға арналған үкімет» МККЕ АҚ-ның Қызылорда облысы бойынша филиалының Арал аудандық бөлімі (ХҚК) арқылы 36 қызмет түрі көрсетілді. Бүгінде жойылған және қайта құрылған ұйымдар мен кәсіпорындардың жеке құрам бойынша құжаттар санының көбеюіне, сондай-ақ әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне енгізілген өзгертулер мен толықтыруларға қатысты, азаматтардың әлеуметтік жеңілдіктер мен өтемақыларға құқығы бар екендігін растайтын әлеуметтік қамтамасыз ету органдарына қосымша анықтама ұсыну қажеттілігіне байланысты мемлекеттік архивтерге келіп түсетін әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұранымдардың да саны өсуде. Сондықтан бұл бағытта мекемелер қызметінің тиімділігі, мерзімді және сапалы қызмет көрсетуі – маңызды критерий.
Жалпы, Арал аудандық архивінде мемлекеттік қызмет түрін пайдаланушыларға барлық жағдай жасалған. Мүмкіндігі шектеулі жандардың да ғимаратқа емін-еркін кіріп-шығуы үшін пандус орнатылды. Иә, қазақстандық қоғамның әлеуметтікэкономикалық жаңғыруының басым бағыттарының бірі – халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын жоғарылату. Бұл бағытта архив мамандары сапалы қызмет атқарып келеді.

Қ.Арғынғазиев,
«Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» КММ Арал аудандық филиалының архивисі