Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 12 сәуірге арналған ауа райы болжамы

12 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Бүгін «Қазгидромет» РМК синоптиктері қолайсыз ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жетісу облысының оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с-қа жетеді.

Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні - 17-22 м/с.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 18-23 м/с-қа жетеді.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік болады.

Павлодар облысының солтүстігінде батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с, екпіні 25 м/с-қа жетеді.

Қызылорда облысының солтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші - 15-20 м/с.

Түркістан облысының тауында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні - 15-20 м/с.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды. 12-13 сәуірде оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
12 сәуір 2023 ж. 212 0