Елімізде бір күнде 65 адам коронавирус жұқтырды
Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус жұқтырған 65 жағдай анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық сақтау министрлігінің 12 сәуірдегі мәліметі бойынша, 1 795 адам коронавирус инфекциясынан (–1 607+ және 188 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 188 пациент стационарда, 1 607 науқас амбулаториялық деңгейде.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
2 адамның жағдайы ауыр;
жағдайы өте ауыр науқас жоқ;
ӨЖЖ аппаратында жатқан науқас тіркелмеді.