Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Телеарналар неге көрсетпей жүр?

Телеарналар неге көрсетпей жүр?

Телеарналар неге көрсетпей қалды деп ойласам, Қызылордадағы телехабар тарату желісінде жоспардан тыс жұмыстар жүргізіліп жатыр екен. Біліп жүріңіздер!
«Қызылорда» РТС-нда жоспардан тыс жұмыстар жүргізіледі
2023 жылдың 10 сәуір күнінен бастап 14 сәуір күніне дейін сағат 09:00-ден 17:00 -ге дейін (Астана қаласының уақытымен) Қызылорда облысының «Қызылорда» радиотелевизиялық станциясында телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдары өшіріліп, жоспардан тыс жұмыстар жүргізілетін болады.
«Қазтелерадио» АҚ уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды. Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Қоғамның Сall-орталығына мына нөмірлер бойынша хабарласа аласыз: 8 8000 800 193 (ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін), +7 (727) 2 581 500. Сондай-ақ, abonent@otautv.kz электрондық поштасына хабарлама жіберуге болады.
13 сәуір 2023 ж. 243 0