Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда жанармай құю бекеттерінде бензин мен дизель қымбаттады

Қазақстанда жанармай құю бекеттерінде бензин мен дизель қымбаттады

Алматының жанармай құю бекеттерінде бензин мен дизель қымбаттады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

17 сәуірде таңертең Алматыдағы жанармай құю бекеттерінде АИ-92 маркалы бензиннің бағасы 205 теңге болды.

Алматыдағы жанармай құю бекеттеріндегі АИ-95/96 бағасы әртүрлі. 17 сәуірде таңертең Sinooil-да АИ-96-ның бір литрі 222 теңге тұрса, Royal Petrol мен "Газпромнефтте" АИ-95-ті 230 теңгеден құюға болады.

Sinooil жанармай құю бекеттерінде дизель бағасы - 295 теңге. "Газпромнефть" жанармай құю бекетінде - 450 теңге.

Ал Астанадағы Nomad жанар-жағармай құю бекеттері желісіндегі жанармай бағасының алматылық бағадан айырмашылығы жоқ. Мұнда да АИ-92-тің литрі 205 теңгеден, АИ-95 224 теңгеден, АИ-98 де 245 теңгеден сатылып жатыр. Ал дизельдің литрі - 295 теңге.

Сондай-ақ, Қызылордадағы жанар-жағармай құю бекеттерінде де жанармай бағасы өсті.
17 сәуір 2023 ж. 150 0