Зиянды әдеттерден аулақ бол!

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау орталығының жасаған талдау қорытындысы кальянның түтіні кәдімгі темекінің құрамындағыдай мөлшерде қара май мен ауыр метал және көмірқышқыл газынан тұратыны анықталған. Түтікшедегі су никотиннің аздаған мөлшерін ғана ұстап қалады. Бір сағат шегілген кальян 100 тал темекі шеккенмен тең болады.
Естеріңізге саламыз:
көміртек оксиді (тұншықтырғыш газ), СО – түссіз әрі иіссіз газ, көміртек толық жанбаған кезде немесе өзге заттармен араласқанда пайда болады, улы; никотин – шылымның құрамында және өсімдіктердің құрамында 2 пайызға дейін болады, шылым шеккен кезде адам ағзасына сіңеді, күшті у.
Аз мөлшерде қолданған кезде жүйке жүйеге әсер етеді, ал егер мөлшерден тыс қолданылған кезде сал ауруын тудырады (дем алуды ауырлатады, жүректің жұмысын тоқтатады). Никотинді ұзақ уақыт аз мөлшерден жұту никотинизмге (никотинге тәуелділік) шалдықтырады.
Денсаулық сақтау мекемелері шылым шегу денсаулыққа зиян деп тапқан, бірақ бұл ескертуден ешкім шылым шегуді тоқтатқан емес. Бұл ойландыратын мәселе әрі оңды нәтиже бермейтін заттарға мемлекеттің қаржысын жұмсау қаншалықты дұрыс, оны азайтудың айла-тәсілдерін қарастыру қажет. Шылым шегушілердің басым көпшілігі бозбалалар мен бойжеткендер, ал олар болашақ ата- ана. Арабтардың басым бөлігі өзгелер секілді кальян шегеді, алайда оған Алла тағала тиым салған, ескерте кетер болсақ, бұл тиым – екі дүниеде де адам баласының өзінің пайдасы немесе зияны болып келетін дүние.
Кальянның темекіден ешқандай айырмашылығы жоқ. Сондай-ақ құрамында зиянды шайырлар мен никотин бар, айырмашылық тек кальянды темекі ылғалданған және хош иістіболып келеді. Темекі шегу және кальян түтінінің тыныс алу процестері әртүрлі. Темекі шегу кезінде темекі жоғары температураның әсерінен жанады, ал кальянда темекі жанбайды, ол баяу түлейді. Бірақ екеуінің әсері бірдей. Тек темекіде жылдам орын алса, кальянда бұл процесс баяу жүреді.
Егер де темекі шегетін адамның денсаулығына никотин өте қатты зиянын тигізсе, кальян шеккен адамға оның түтіні зиянын беретін көрінеді. Бұған дейін атап өткендей, кальян мен темекі құрамы бірдей. Онда, әрине, шайыр, бензол, формальдегид және басқа да уландырғыш компоненттер аз. Бірақ бұл кальян темекісі қауіпсіз дегенді білдірмейді.
Мамандар кальянның бір сағат ішінде адам қалыпты уақытқа қарағанда, зиянды түтінді 100-200 есе көп тұтынатынын анықтады.
Сондықтан құрметті қауым есіңізде болсын, өз денсаулығыңыз өз қолыңызда!
А. САТЕКЕЕВА,
Арал аудандық СЭБ басқарма басшысы
Фото: muftyat.kz