Дүйсенбі күнге арналған ауа райы болжамы
Синоптиктер 24 сәуірге арналған ауа райы болжамын және дауылды ескертуді ұсынды. Синоптиктердің болжамынша, бүгін жел күшейіп, тұман түседі. Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-батысында шаңды дауыл соғады, деп хабарлайды Қазгидромет.Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуінен жаңбыр жауады, солтүстікте, шығыста, оңтүстікте найзағай ойнайды. Қазақстан бойынша желдің күшейіп, батыста, солтүстікте тұман, ал оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады.
kyzylorda-news.kz










