Коронавирус жұқтырған 2 адамның жағдайы ауыр
27 сәуірдегі мәлімет бойынша, 1 270 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, олардың ішінде 143 пациент стационарда, 1 127 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Министрлік мәліметінше, өткен тәулікте 70 адам коронавирус жұқтырған.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 2 адамның жағдайы ауыр, ӨЖЖ аппаратына қосылған науқас жоқ.