Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Арықтағыңыз келсе, сүт ішпеңіз

Арықтағыңыз келсе, сүт ішпеңіз

Адам артық салмақтан арылғысы келгенде бірінші кезекте тәттілер мен пісірмелерден бас тартады. Бірақ біраз уақыт өтсе де, салмақ тастамағанын байқайды. Оған кінәлі сүт болуы мүмкін. Оның себебін Doctorpiter порталына дәрігер Алексей Жито түсіндіріп берді.

Сүттің балаларға пайдасын бәрі біледі. Ол баланың дұрыс өсуіне, сүйек жүйесінің қалыптасуына көмектеседі. Пайдалы сусында жас ағза жақсы сіңіретін майлар бар. Ал ересектерге келер болсақ, бұл даулы сұрақ: біреулер сүтті өнімдерді рационнан толық алып тастау керек десе, басқалар мөлшермен ішуге болатынын айтады.

Алайда күніне 1-2 стақан сүт ішудің денсаулыққа зияны жоқ. Бастысы, сүт ішкеннен кейін ішіңізде жағымсыздық болмаса болғаны. Себебі кей адамдарда сүт ішкеннен кейін іші кебеді, ауырлық сезеді.

Алайда дәрігердің айтуынша, арықтағысы келетіндер сүттен бас тартқаны жөн.

"Артық салмақтан арылу кезінде сүйық сүтті өнімдерден бас тарту керегін айтсам, науқастарым таңғалады. Не үшін одан бас тарту керек? Себебі сүтте және сүтті өнімдерде лактоза бар. Лактоза – ол дисахарид, яғни екі бөліктен тұратын молекула. Бірі – глюкоза, екіншісі – галактоза", - дейді ол.

Яғни, сіз сүт ішкенде таза қант тұтынып жатырсыз. Оған қоса, сүтте сұйық, ерітілген және жылдам сіңетін қант болады. Ағза оны жылдам жұтып алады да, ол ішке жиналады.

Егер арықтағысы келетін адам ыстық сүт ішсе, бұл одан да қауіптірек. Себебі ол ыстық болғандықтан одан да жылдам сіңеді.

"Мұны әсіресе диабеті бар адамдар түсінеді: олардың сүт ішкеннен кейін қанты біраз көтеріліп кетуі мүмкін. Олар мүмкін қауіптерді болдырмас үшін рационда қанша сүт болу керегін бақылап үйренген. Сондықтан арықтауды шешсеңіз, сүттен, соның ішінде ыстық сүттен бас тартыңыз", - деді дәрігер.
29 сәуір 2023 ж. 369 0