Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «WORLDSKILLS KAZAKHSTAN – 2023» аймақтық іріктеу кезеңінің ашылу салтанаты өтті

«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN – 2023» аймақтық іріктеу кезеңінің ашылу салтанаты өтті

Кеше Арал индустриалды-техникалық колледжінде «Worldskills Kazakhstan - 2023» Ұлттық чемпионатының аймақтық іріктеу кезеңінің ашылу салтанаты өтті.
Байқаудың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары К. Бержанов қатысып, сайыстың білікті кадр даярлау жолындағы маңыздылығын айтып, қатысушы студенттерге сәттілік тіледі.
Білікті кадрларды даярлауға, жаңа идеялар мен трендтер жасауға және кәсіби білім сапасы мен кәсіби шеберлік дағдыларын арттыруға мүмкіндік беретін бәсекеде білім алушылар «Сән технологиясы» мен «Дәнекерлеу технологиясы» құзыреттіліктері бойынша бақ сынады.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі 
30 сәуір 2023 ж. 269 0