Өткен тәулікте 31 адам коронавирус жұқтырды
Кеше елімізде 31 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Ведомство мәліметінше, 1 155 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Олардың ішінде 155 пациент стационарда, 1 000 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 1 адамның жағдайы ауыр, ӨЖЖ аппаратына қосылған науқас жоқ.