Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Диетолог таңғы асқа арналған пайдалы тағамдарды атады

Диетолог таңғы асқа арналған пайдалы тағамдарды атады

Диетолог Наталья Гридина таңғы асқа ең пайдалы тағамдарды атады.Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Budu онлайн денсаулықты басқару қызметінің диетологы Наталья Гридинаның айтуынша, бірінші тағамға ботқа мен дәнді-дақылдан жасалған нанды тұтынған абзал.

"Таңғы ас құрамында қанықтыру үшін жеткілікті ақуыз, сондай - ақ энергия үшін көмірсулар болуы керек. Дәнді-дақылдардан жасалған ботқалар тамаша таңдау болады. Оларды тұндырып емес, қайнатып әзірлеу маңызды екенін ескеру қажет”, – деп түсіндірді маман.

Ал талшық (клетчатка) ішек пен асқазанның жұмысын жақсартуға көмектеседі, ал диеталық талшық қанықтылық сезімін береді. Ботқаға сүт, бал, жаңғақтар мен кептірілген жемістерді қосуға болады.

Таңғы астың ақуыз компонентін толтыру үшін жұмыртқа, ірімшік, сүзбе, йогурт тұтынуға болады. Тәтті болу үшін жемістер, кептірілген жемістер, бал немесе жидектер мен жемістерден табиғи джем қосуға болады.

Таңғы асты жаңа піскен көкөністермен толықтыру да денсаулыққа зиян келтірмейді.Олар витаминдердің, минералдардың және микроэлементтердің күнделікті құнының бір бөлігін алуға көмектеседі.

Жаңа сығылған шырындарды жасауға болады. Дегенмен, маманның айтуынша, асқазан-ішек жолдарын тітіркендірмеу үшін цитрус жемістерін аш қарынға теріс пайдаланбаған дұрыс.

Сусындар ретінде, судан басқа, диетолог табиғи кофе немесе қайнатылған шайды ұсынады. Еритін және қаптамадағы сусындардан аулақ болу керек.
08 мамыр 2023 ж. 388 0