Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудандағы жазғы сауықтыру маусымына дайындық туралы

Аудандағы жазғы сауықтыру маусымына дайындық туралы

Жаз мезгілі, әсіресе, балалардың асыға күтетін мерейлі маусымы. Күнделікті сабақтар артта қалып, осы уақытты балғындар барынша қызықты әрі көңілді өткізуді армандайды. Жаз маусымы басталысымен оқушы қауымның арманына арқау Қамыстыбас елді мекенінде орналасқан Қамбаш олимпиадалық және қосымша білім беру орталығы» жұмысын биылғы жылдың 1 маусымынан бастау жоспарлануда. Аталған жазғы демалыс орнының жұмысы оқушылардың бос уақытын тиімді әрі пайдалы ұйымдастыруға және денсаулықтарын нығайтуға бағытталған.
Биылғы жылдың жазғы сауықтыру маусымында 7 ауысымда «Қамбаш» олимпиадалық және қосымша білім беру орталығында - 910 бала сауықтырылып, демалдырылу жоспарлануда.
Қамбаш олимпиадалық және қосымша білім беру орталығы 120 балаға есептелінген. Орталық 6 блоктан тұрады. Жатын орны, асхана, әдістемелік сауықтыру-шынықтыру орталығы, бассейн, медициналық пункт, стоматологиялық кабинет, мәжіліс залы, интернет залы, тренажер залы, фитнес залы, жаттықтырушы бөлмесі, құрғақ бу камерасы, бильярд бөлмесі, кір жуу орындары , асхана қаралған. Жатын орындары ағаш керуеттерімен, төсектік әбзелдермен, еден төсеніштері, киім шкафтарымен, тумбочкалармен толық жабдықталған. Асхана қажетті технологиялық құрал-жабдықтармен, тез бұзылатын азық-түліктер сақтайтын тоңазытқыштармен, ыдыстар жуатын бөлмеде 3 ұяшықты ванналар салқын, ыстық сумен қамтамасыз етілген.
Маусымның әр күнінде мерекелік және балалар денсаулығын жақсарту бағытындағы іс-шаралар, спорттық жарыстар мен ойындар ұйымдастырылып, өткізіледі. Лагерьде балалар демалысының басы-қасында жүрген мұғалімдер, тәрбиешілер әр балаға ерекше ықылас бөліп, олардың сабақ барысында ашылмаған жаңа қырынан танылуына, мұғаліммен, оқушылармен достар боп сырласуына қажетті барлық жағдайлар жасалған. Мәселен, әр топта ойын-сауықпен қатар әр-түрлі спорттық ойындар, психологиялық тренингтер, дәрігер тарапынан медициналық таза ауада өткізілетін гимнастикалық жаттығулар, экскурсия мен серуендер жүргізіледі. Жаз бойына тұрақты түрде 10 үйірме жұмыс жасайды. Балалардың достық қарым-қатынасы, азаматтық сезімдерінің қалыптасуы үшін лагерьде жорықтар, көңілді кештер өткізу көзделген. Орталыққа келген оқушылардың денсаулығын орталық аяжаны күнделікті тексеріп, олармен сауықтыру іс-шараларын жүргізеді. Балалардың сапалы тамақтануы да назардан тыс қалмай, тағам мәзірі түрлендірілген, витаминделген, минералды кешенмен байытылған тағамдармен қамтылған. Тағам қауіпсіздігі әр ауысым сайын ҚРДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының Арал аудандық бөлімшесінің зертханасымен тексеріліп тұрады.
Балалардың жүрегіне ізгілік пен қуаныш сыйлай ашылған жазғы Қамбаш олимпиадалық және қосымша білім беру орталығында демалушылар бос уақыттарын мағыналы өткізіп қана қоймай, белгілі бір бағытта білімдері мен қабілеттерін жетілдіріп қайтары сөзсіз.
Сонымен қатар , аудан көлемінде орналасқан 44 мектеп жанынан күндізгі лагерлер 1 маусым күні ашылып, жалпыға бірдей міндетті оқу қоры есебінен ата ана қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған , әлеуметтік көмек алатын отбасынан ІІ ауысымға 2424 бала ыстық тамақпен қамтылатын болса, ыстық тамақсыз үйірмелерге 6275 бала қамтылады деп жоспарлануда. Мектептердің спорт залдары мен мектеп ауласындығы спорттық ойын алаңдарында балалардың бос уақытын тиімді пайдалануына толықтай мүмкіндіктер жасалынып, арнайы жауапты мамандар бектілген.
Балалардың жақсы көңіл-күймен, зор қызығушылықпен, ұйымдасқан түрде жазғы сауықтыру мауысымдарын жақсы аяқтауына тілектеспіз.
А. САТЕКЕЕВА,
басқарма басшысы : 

Фото: kyzylorda-news.kz

11 мамыр 2023 ж. 402 0