Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Баланы дұрыс тәрбиелеу – ата ананың міндеті

Баланы дұрыс тәрбиелеу – ата ананың міндеті

Баланы жанұяда дұрыс тәрбиелеу, оның мектепте жақсы оқуына, болашақта жақсы азамат болып шығуына үлкен ықпалын тигізеді.Отбасы – ұлттың, мемлекеттің, әлемнің, адамзаттыңнегізі. Сондықтан оны нығайтукерек. Психиатрлар баланың нәрестелік кезеңінен 6-13 жасқа дейінгі кезеңдегі дамуының өте маңызды екенін баса айтады.Бұл баланың тұлғалық дамуына ең бірінші және басым әсер етуші фактор және негізгі мінез-құлық үлгісі болып табылады.Балалардыңмахаббаты таза, риясыз. Олар өздерінің ата-аналарын бар жан-тәнімен жақсы көреді және оларға еліктейді.
Кей-кейде балалар ата-аналарының тілін алмайды. Бірақ та олардың мінез-құлықтарын, іс-әрекеттерін зер сала бақылайды. Бұл балаларға үлкен әсер етіп, ықпалын тигізеді. Олар ата-аналары өтірік айтып, алдап тұрса, екіжүзділік танытса, оны байқап қояды. Ата-аналар өз балаларына білім беруге, білім алуына жағдай жасауға талпынады. Өкініштісі, кейбір ата-аналар балаларының қандай білім алып жатқанына назар аудармайды. Білім балаларға жалпы адамзаттық құндылықтарды игеруге, бойына сіңіруге қызмет етуі тиіс. Академиялық білім білім алушыға өмір сүру үшін табыс табуға үйретеді. Алайда білім тек қана өмір сүру үшін пайда табуды ғана көздемеуі керек.Білім білім алушыны өмірде кездескен қиыншылықтарға қарсы тұруға рухани, адами тұрғыда дайындауы керек.
Бір алаңдататыны, бүгінде білім беруде адамзаттық құндылықтардың жоқ болуынан оқушылардың бойында алаңдау, мазасыздық, үрейлену басым екендігін байқаймыз. Бала ата-анасының орынсыз қамқорлығына еті үйреніп, дағдыланғаны сондай, өзбетімен шешім қабылдай алмайды, ал орынсыз жұмсақтық баланың басқаларға түсіністікпен қарамауына әкелсе, қорқыныш, үрей де баланы мазасыз етеді, тіпті психосоматикалық ауруларға дейін апарады. Сондай-ақ балаға жоғары талаптар қою балалардың сасқалақ, жабырқаңқы, тұнжыраңқы болып қалыптасуына, сәтсіздікке ұшыраймын деген сезімнің басым болуына, ал кемсіту, елемеу сынды сезіммен өскен балаларда агрессия, ашу-ызабасым, қызбаболады. Өсе келе түрлі қылмыс, зорлық-зомбылық жасау, нашақорлық сияқты келеңсіз жағдайларға бой алдыруы мүмкін. Міне, осындай жағдайлар баланың мінез-құлқына кері әсер ететіні белгілі. Сондықтан бала тәрбиесінде ата-ана осындай қарым-қатынасқа баса мән беруі керек.
Баланы ақылғақұлақ қойғыштыққа, тілалғыштыққа қалай жеткізуге болады? Баланың жүрегінде жоғары «Мен» орын алған. Олинтуитивті түрде бәрін сезінеді. Егер анасы оны өтірік айтып, алдап тұрса онда бала тыңдамайды. Ал егер әкесінің айтып тұрғаны басқа болып, істегені одан да басқа болса, бала оған да құлақаспайды. Егер баланы алдап, табиғатына қарсы әрекет етсе онда бала тыңдамайды. Егер анасы оған үлкендердің ақылын тыңдау керек деп тұрып, өзі күйеуін тыңдамаса, онда бала да олардың ақылына құлақ аспайды. Баланы ақылға құлақ қоятын, тілалғыш ету үшін ең алдымен ынтымақтастықа әрекет етіп, үлкендердің өзі өзін-өзі жақсы мінез-құлыққа тәрбиелеуі тиіс.
Адам баласының шыр етіп өмірге келгенде көретіні ата-ана, ал ата-ана өмірінің жалғасы – бала. «Тәрбие басы – тал бесік», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деп айтылған дана сөздер текке айтылмаса керек. Баланы тәрбиелеуде ата-ананың бір-біріне деген қарым-қатынасы, қалай сөйлесетіндігі, туған-туыспен, көрші-көлеммен қалай араласатындығы, келген қонақты қалай сыйлайтыны, тіпті ұсақ-түйек болса да қалай тамақтанатыны, дастарқан басындағы әдептілігі, қалай киінетіні бұның барлығы балаға әсер етеді.
Бала үлкенге қарап өседі. Баланы үнемі ұрып-соғып, қателескен жерінде қатаң жазалап тәрбиелеудің қажеті жоқ. Ақылмен, мысал келтіре отырып түсіндіру керек. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата-аналар «Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл-қыздармен үй шаруасында жүріп-ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа. Бала мектепте болған жайды әңгімелеп, достары жайлы ой пікірімен бөліскісі келеді. Балаға уақытым жоқ деп тыйып тастамай, сұрақтарына жауап беріп, өз пікіріңізді ортаға салсаңыз, ол баланың ойында дұрыс пікір қалыптастырады.
Ақмарал Ерқұлова,
№263 орта мектеп педагог психологы,
Шөміш ауылы
24 мамыр 2023 ж. 294 0