"Ата-аналары санасыз": Баян Алагөзова бала тәрбиесі туралы айтты

Баланың ойымен санасып, үлкен адам сияқты қалыптастырған жөн дейді ол. Балаңыз қандай болсын десеңіз, өзіңіз сондай болыңыз деп ақыл айтты.
"Баладан жетістік талап еткен кезде, сол жетістіктің негізін қалайтын ата-ана екенін ескерген жөн. Балаларыңызбен кішкентай күнінен-ақ үлкен адам сияқты сөйлесіңіз. Өзіңіздің мықты, ақылды, көпті көрген екеніңізді қолданбаңыз. Сыйластық керек болса, өзің сыйла, махаббат керек болса, өзің жақсы көр", - дейді проюсер.