Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда жаңа медаль пайда болады

Қазақстанда жаңа медаль пайда болады

Президент ұлттық валюта - теңгенің айналымға енгізілгеніне 30 жыл толуына арналған мерекелік медальді бекіту туралы Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - Қазақстан теңгесінің айналымға енгізілгеніне 30 жыл толу құрметіне қаулы етемін:

1. "Теңгеге 30 жыл" мерекелік медалі тағайындалсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) "Теңгеге 30 жыл" мерекелік медалімен наградтау қағидалары;
2) "Теңгеге 30 жыл" мерекелік медалінің сипаттамасы бекітілсін", - делінген құжатта.

Жаңа пайда болған мерекелік медальді мына лауазымдағы тұлғалар Президенттің атынан табыстай алады:

Ұлттық банк төрағасы;
Ұлттық банк төрағасының орынбасарлары;
Ұлттық банк филиалдарының, Ұлттық банктің Алматы қаласындағы тұрақты өкілдігінің және Ұлттық банк ұйымдарының бірінші басшылары;
Ұлттық банктің төрағасы айқындайтын уәкілетті тұлғалар.
Бұл медальмен теңгенің және қаржы жүйесінің дамуы мен нығаюына, мемлекетіміздің қалыптасуына және әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан ел және шетел азаматтары марапатталады.

25 мамыр 2023 ж. 252 0