Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 29 мамырға арналған ауа райы болжамы

29 мамырға арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК 29 мамырда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Түнде Ақмола облысының солтүстік-батысында, күндіз солтүстігінде, шығысы мен оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Атырау облысының солтүстігі мен шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз облыстың басым бөлігінде 36 градус қатты ыстық күтіледі. Өңірдің шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысында 35 градус қатты ыстық болжанады. 29-31 мамырда өңірдің оңтүстік-батысында өте жоғары өрт қаупі күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан жел соғады. Күндіз өңірдің батысында жылдамдығы 15-20 м/с құрайды.

Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Қызылорда облысының орталығы мен шығысында шаңды дауыл тұрады. Өңірдің орталығында, шығысында күндіз желдің күші 15-20 м/с құрайды. Облыстың орталығында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде, батысы мен оңтүстігінде найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады. Күндіз өңірдің оңтүстігінде екпіні 18 м/с құрайды.

Түнде және таңертен Жетісу облысының таулы аудандарын тұман басып, солтүстік-шығыстан жел соғады. Өңірдің шығысында, орталығы мен таулы аудандарында екпіні 15-20, күндіз Алакөл көлдері ауданында 23-28 м/с құрайды.

Түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысы мен оңтүстігінде тұман болжанады. Күндіз өңірдің орталығында шаңды дауыл тұрады. Күндіз өңірдің орталығында желдің жылдамдығы 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігі мен орталығында жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күші 15-18 м/с құрайды. Өңірдің солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының батысында күннің соңында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз өңірдің оңтүстігінде, орталығында 35 градус қатты ыстық күтіледі, басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

29-30 мамырда күндіз Жамбыл облысының таулы аумағында найзағай ойнап, 29-31 мамырда шанды дауыл тұрады. 29-31 мамырда солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 23 м/с артады.

Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз тау асуларында екпіні 23-28 м/с артады.

Шымкент қаласында күндіз шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады. Күндіз өңірдің солтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с құрайды.
29 мамыр 2023 ж. 272 0