Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 5 мамыр, жұма күніне арналған ауа райы болжамы

5 мамыр, жұма күніне арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет мамандары 5 мамыр, жұма күні бірқатар өңірде күн бұзылатынын ескертті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

5 мамыр күндіз Атырау облысының солтүстігінде, шығысында шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні - 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Күндіз Қостанай облысының солтүстігінде оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде облыстың оңтүстік-шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік сақталады. Облыстың орталық бөлігінде жоғары өрт қаупі күшейедді.
Қарағанды облысының оңтүстігінде шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, қарқыны - 15-20 м/с.
Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 17-22 м/с, күндіз Жалаңашкөл ауданында - 28 м/с. Түнде облыстың басым бөлігінде 1-6 градус үсік жүреді.
Ұлытау облысының оңтүстігінде шығыстан жел соғады, күндіз жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді. Түнде облыстың шығысында 2 градус үсік сақталады.
Күндіз Абай облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күші 15-20 м/с.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Маңғыстау облысыныңоңтүстік-батысында кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады. Облыстың басым бөлігінде найзағай жарқылдайды. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстігінде жер қарқыны - 15-20 м/с.
Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл соғады. Жел шығыстан соғады, күші - 15-20, екпіні - 23-28 м/с.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында жел қарқыны 15-20 м/с жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді.
05 мамыр 2023 ж. 284 0