Онлайн аударым: Қате жіберілген ақшаны қайтаруға бола ма?
Мобильді банкинг арқылы қолма-қол ақшаны жылдам аудару әрбір адам үшін үйреншікті жағдайға айналды. Мобильді қосымшада алушының нөмірін терсеңіз жеткілікті, ақша алушының шотына аударылады. Алайда, аударым кезінде сіз ұялы телефон нөмірін немесе карта, шот деректемелерін қате жібердіңіз және сома мүлдем бейтаныс адамға кетті. Егер сіз онымен төлемді қайтару туралы келісе алсаңыз жақсы. Ал егер жоқ болса? Айтпақшы, сіздің шотыңызға қаражат түсіп, бірақ сіз жіберушінің кім екенін білмейтін жағдайлар да кездеседі.
Fingramota.kz осы жағдайларда не істеу керек екенін айтып береді.
Сіз қателесіп, ақшаны бейтаныс адамға аудардыңыз
Сіз телефон нөмірі бойынша жедел төлем жасадыңыз, бірақ цифрдан қате жібердіңіз. Ақшаны қайтару қиын, бірақ қайтаруға болады. Алушымен хабарласып, қате аударым жасағаныңызды түсіндіріп көріңіз, түскен соманы қайтаруды сұраңыз. Ол адам сізге сенуі және алаяқ ретінде қабылдамауы үшін шотты тексеруді ұсыныңыз. Алушы сіздің жағдайыңызды түсініп, содан кейін ақшаны кері аударыммен қайтаруы мүмкін. Бас тартқан кезде тек сотқа жүгіну және ақшаны өндіріп алу туралы талап-арыз беру ғана қалады, себебі қолданыстағы заңнамада ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес бұл әрекет «негізсіз баю» ретінде қаралады. Сондай-ақ, сіз ҚР Ұлттық Банкінің қолданыстағы қайта қаржыландыру мөлшерлемесі бойынша ақшаңызды пайдаланғаны үшін сыйақы өндіріп ала аласыз.
Егер сіз карточканың немесе шоттың дұрыс емес нөмірі бойынша ақшаны қате жіберген болсаңыз, банкке хабарласып, бәрін түсіндіріп, менеджерден ақшаны қалай қайтаруға болатындығын білуіңіз керек. Сонымен қатар, бұл жағдайда банк төлемді біржақты түрде кері қайтара алмайды. Әрбір банктің осындай мәселелерді шешудің өз рәсімі бар. Көбінесе, егер аударым дұрыс емес банктік шотқа сәтті жіберілсе, ақшаны алушының келісімімен ғана қайтаруға болады.
Егер ақша аудару процесі жүріп жатқан болса, онда операцияны болдырмауға болады. Егер сіз қате жіберіп, жоқ банктік деректерді көрсетсеңіз, төлем жасалмайды және ақша автоматты түрде қайтарылады.
Сізге қате аударым түсті
Егер нақтысын айтатын болсақ, әрине сіз аударымды қате жіберген адамды тауып, оған ақшаны қайтару үшін өз уақытыңызды жұмсауға міндетті емессіз. Алайда бұл ақшаны жіберушіге қайта аударған жөн, өйткені ол кез келген уақытта сізді сотқа беруі мүмкін. Бірақ, алдымен ақша расымен де шотыңызда жатқандығына, мұның қаржылық алаяқтардың амалы емес екендігіне көз жеткізіп алу керек.
Сондай-ақ, бұл ақша сізге тиесілі және олар сіздің шотыңызға қаражат аударған көздерден түскен болуы мүмкін. Мысалы, сіздің борышкеріңіз ақшаны қайтарды немесе компания қайта есептеуді жасады. Әр түрлі жағдайлар болуы мүмкін. Бұл жалған емес, қате аударым екеніне көз жеткізіңіз.
Қаскөйлердің банктердің және басқа да қаржылық ұйымдардың атынан сіздің шотыңызға қандай да бір соманың түскендігі туралы SMS-хабарландыруларды жиі тарататынын, содан кейін қоңырау шалып, қайтаруды сұрайтынын есте сақтаңыз. Сондықтан, кері аударым жасамас бұрын қаражат шынымен түскендігіне көз жеткізіңіз. Мұны мобильді банк қосымшасы арқылы немесе банк операторымен ресми нөмір бойынша байланысу арқылы жасауға болады.
Ақшаның кімнен және қашан түскенін түсіну үшін шотыңыздағы үзінді-көшірмені зерделеңіз. Егер сіз ақша аударымының қате екеніне 100% көз жеткізсеңіз, ал жөнелтуші сізбен байланысқа шықпаған болса, банкке хабарласыңыз. Соманы қайтаруға келісім беру туралы жазбаша өтініш жазыңыз. Содан кейін қаржы институты ҚР заңнамасы бойынша төлемдерді қайтару рәсімдеріне сәйкес кері төлемді жүргізеді.
Қате аударым жасамау үшін не істеу керек?
Ақшаны дұрыс аудармауды болдырмау өте оңай. Транзакцияны бастамас бұрын әрқашан деректемелерді мұқият тексеріңіз. Басқа шотқа ақша аудару нысанын толтырған кезде абай болыңыз, әрқашан карта деректемелері мен телефон нөмірлерін бірнеше рет тексеріңіз.
Тағы бір ақылға қонымды кеңес - алдымен алушының деректемелерінің дұрыстығын бірнеше рет тексеру үшін шағын сынақ сомасын жіберіңіз. Алушыдан растауды алғаннан кейін қалған соманы қайта жіберіңіз. Бұл жақсы тәжірибе және сіздің транзакцияңыздың дұрыс алушыға жеткізілуін қамтамасыз етудің ең жақсы тәсілі.
Қолма-қол ақша аударған кезде әрдайым мұқият болыңыз. Бірнеше қарапайым тексерулерге жұмсалған бірнеше минут сізді еңбекпен тапқан ақшаңыздың көп бөлігін жоғалтудан сақтайды.
Қаржылық сауаттылығыңызды бізбен бірге арттырыңыз және тағыда көп пайдалы материалдарды "Төлемдер және аударымдар" бөлімінен оқыңыздар.

kyzylorda-news.kz