Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ит те тіршілік иесі ғой, мейірімді болайық

Ит те тіршілік иесі ғой, мейірімді болайық

Сағат түнгі бірлер шамасы. Терезеден көше бетке қарап тұрмын. Сәулесін шашқан көше шамының астындағы шарасыз тіршілік иесіне көзім ұзақ түсті. Осымен төртінші күн. (бәлкім бұдан да көп, бәлкім өтіп жатқан қыс бойы). Неткен аянышты десеңші?! Жамбасын жер сызы сырқат еткен ит сонда да ас берген иесіне деген адалдығынан бір танар емес. Есік алдын күзетіп тұрғандай. Бірақ солай етпеске шарасы да жоқ. Оның күнделікті орны сол көше беттегі көк мұз. Денсі бір жылымаған хайуан тағатсызданап бір жерде тұрмайды. Біресе бұрышқа барады, біресе «менің халімді көрер қайсысың барсың? » дегендей жарық астына жақындайды. Күн болса суық. Арғы жақтан есік ашылар түрі жоқ. Ашылған күннің өзінде оны ішке кіргізер адамды байқап жүрген жоқпын. Осылайша шарасыз иттің бүрсеңге толы бейнетті күндері өтіп жатқандай. Адамдар осыншама қатігез болуға болама?! Қатты жаным ашиды әлгі итке. Қолыма әкеп бағайын десем күшігінен ас ішкен ауласынан алыстағысы жоқ. Сонда деймін де, таза ас ерекше көңілді қажет етпейтін хайуанға бір ықпана соғып, тым құрыса жатар жеріне бір жаман жайуды тастай салуға болмас па еді. Ол да жаратушының жерге жіберген бір жаратылысы ғой. Адамдар бірыңғай өздерін ойлай бермей, бір сәт айналасындағы тіршілікке назар аударса екен. Әлгі итті қатты аяп кеттім. Міне, сағат түнгі үш болды. Терезге көз салсам әлгі ит әлі тұр. Күн болса қақап тұр. Мейірімді болайық ағайын! «Мейірім танытпағанға мейірім танытпаймын»-дейді Алла тағала. Жүргіміз құр соқпай құндылықтарға құныққаны жөн болар! 
А. Бисенов.
04 ақпан 2019 ж. 1 367 0