Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақын Серік Тұрғынбекұлы өмірден өтті

Ақын Серік Тұрғынбекұлы өмірден өтті

Ақын, Халықаралық "Алаш" сыйлығының лауреаты Серік Тұрғынбекұлы өмірден өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазақстан" телеарнасына сілтеме жасап. 

Серік Тұрғынбекұлы 1946 жылы 1 наурызда Қостанай облысы Жангелді ауданы Шақшақ Жәнібек ауылында дүниеге келген. Ол - ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты, Парасат орденінің иегері.

Ақынның "Сүйген жүрек", "Асан ата ізімен, "Қобыз", "Көкейкесті" (1978), "Торғай толғауы" (1981), "Жүрегімнің сәулесі" (1983), "Тыңда түлегендер" (1983), "Кеш келген көктем" (1985), "Жерорта" (1999) атты жыр жинақтарының, "Махамбет және Жәңгір хан", "Сәкен сұңқар" сынды шығармалары бар. 

15 маусым 2023 ж. 425 0