Еліміздің 4 ірі қаласында ауа сапасы нашарлайды
![](/uploads/posts/2023-06/medium/1686894435_10.jpg)
«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге сүйенсек, 16 маусым күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.
Тек Атырау, Алматы, Астана және Шымкентте ауа сапасы біршама нашарлайды.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.