Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде 161 мың автомобиль заңдастырылды

Елімізде 161 мың автомобиль заңдастырылды

Елімізде 16 маусымдағы жағдай бойынша 161 мың автомобиль заңдастырылды, тағы 13 мыңнан астамы тіркеліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен апталық баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Алтынбек Жамалиев мәлімдеді.

Елімізде 22 мамырдан бастап 7 мыңға жуық автомобиль-конструкторлар қазақстандық есепке қойылды. Көптеген азамат өз көліктерін заңдастыруға үлгермей қалуы мүмкін деген алаңдаушылық білдірді. Осыған байланысты биылғы жылдың 1 шілдесіне дейін өтінім берген Қазақстанның барлық азаматына көрсетілген мерзімнен кейін автомобильдерді заңдастыру құқығы берілетінін хабарлағым келеді, – деді Алтынбек Жамалиев.

Айтуынша, тіркеу туралы міндеттеменің шарттарын орындаған автокөлік иелеріне, көліктерін 5 жыл мерзімге уақытша есепке қою құқығы берілетін болады.

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылмаған және осы себепті заңдастырылмаған автомобильдерге келетін болсақ. Сонымен қатар олар кері әкету немесе оларды кейін Қазақстанның заңдастыру талаптарына сәйкес бастапқы тіркеу туралы міндеттеме шарттарын орындайтын болса, аталған автокөлік иелеріне көліктерін Қазақстан Республикасында 5 жыл мерзімге уақытша есепке қою құқығы берілетін болады. Уақытша есепке қою кезінде көлік құралын тіркеу туралы куәлік және Қазақстан Республикасының мемлекеттік нөмірлік белгілері берілетін болады (МТНБ үшін мемлекеттік баж төленеді – 9 660 теңге, КҚТК-4 313 теңге, ал әдеттегі тіркеу үшін алым - 863 теңге) Тіркеу туралы куәлікте иеліктен шығару және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығу құқығынсыз уақытша есепке алу жазбалары көрсетіледі, – деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Алтынбек Жамалиев.
19 маусым 2023 ж. 202 0