Шетелдік көліктерді заңдастыру 1 шілдеге дейін жалғасады

“Бүгінгі таңда 61 мың қазақстандық азаматтың көліктерін заңдастыру мақұлданды. 25 мың автокөлік иесі тиісті құжаттар мен нөмірлік белгілерді алды. Заңдастыру осы жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады”, - деді Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек.
Еске салайық, биыл 23 қаңтардан бастап 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін ел аумағына әкелінген шетелдік көлік құралдарын заңдастыру басталды.
Ішкі істер министрлігі таратқан ақпаратқа сәйкес, заңдастыруға Қазақстан азаматтары сырттан әкелген шетелдік есептегі жеңіл автокөліктер, шағын, орта сыйымдылықтағы автобустар, шағын жүк көліктер, басқаруы оң жақтағы автокөліктер жатады.
Фото: sputnik.kz