Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Эгоист адам қандай болады?

Эгоист адам қандай болады?

Мамандардың айтуынша, өзімшілдік – ауру емес, мінездің бір көрінісі. Ендеше, оның белгілеріне тоқталайық.

Өзгелер туралы ойламайды
Өзімшіл адам өзгенің сезімі мен қажеттілігін ескермейді. Ол тек өзіне пайда әкелетін шешім қабылдап, соған сай әрекет етеді.

Ымыраға келмейді
Эгоистермен ымыраға келу қиын. Бұған себеп – өзінің қажеттіліктерін басқалардың қалауынан жоғары қою.

Менмендік
Өзімшіл адам басқалардан өзін жоғары қойып, бәріне лайықтымын деп есептейді. Сондықтан мұндай адамдарға менмендік тән.

Эгоцентризм
Эгоистер тек өздері, өзінің жетістіктері туралы айтуға бейім болады. Олар басқа адамдардың тәжірибесіне қызығушылық танытпайды.

Алғыс айта алмайды
Өзімшіл адам басқалардан алған көмегі немесе қолдауы үшін алғыс білдіре алмайды. Керісінше, олар осылай болуы керек деп қабылдайды.

Өзін жарнамалайды
Олар өзін-өзі жарнамалайды және мұны басқаларды төмендету арқылы жасауы мүмкін. Сонымен бірге өзінің қабілетін, тірлігін асырып көрсетуден тайынбайды.

Басқалардың шекарасын елемейді
Эгоисттер басқа адамдардың шекарасына өтіп кетіп жатады, тіпті оны мүлде елемеуі мүмкін. Олар өзінің қажеттіліктері мен тілегін басқалардың қауіпсіздігінен маңыздырақ санайды.

Қалай жеңуге болады?

Ең алдымен эгоизм неден пайда болғанын зерттеу керек. Әдетте, өзімшілдік мінез-құлықтың артында белгісіздіктен қорқу және басқа адамдарға деген сенімсіздік жатыр. Көбіне бала кезінде шамадан тыс еркелік көріп, қамқорлыққа бөленген адамдар эгоизмге жақын болады. Бұдан арылу үшін үлкен ерік-жігер керек.

– Эгоист болмау үшін алдымен беруді, содан кейін алуды үйреніңіз

– Күн сайын бір жақсылық жасауға тырысыңыз

– Айналаңыздағы адамдарға көмектесіңіз

– Өзіңіз туралы азырақ сөйлесіңіз

– Егер өзімшілдік патологиялық құштарлыққа айналса, бұған ұзақмерзімді психотерапиялық ем ғана көмектеседі.

turkystan.kz
21 маусым 2023 ж. 293 0