Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Тек республиканың оңтүстік-батысында ғана күн жауын-шашынсыз болады. Елдің басым бөлігінде жел күшейіп, батыста, солтүстікте, шығыста, орталықта бұршақ жауады, дауыл тұрып, солтүстікте тұман түседі.
Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл облыстарында, Ақтөбе, Қарағанды, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, Атырау облысының шығысында, оңтүстігінде, Қызылорда облысының батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының орталығында жоғары өрт қаупі жалғасады.
egemen.kz