Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Мен Астанада тұрамын»

«Мен Астанада тұрамын»

6 шілде – Астана күні. Сарыарқа төріндегі сәулетті шаһар, еліміздің орталығы, тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы Астананың атаулы күні бүгінде халықтық мереке ретінде тойланады. Осы мереке қарсаңында мына бір әңгімені айта кетейік.
Ұжымдасымыз С.Ибрашев әзіл-шыны аралас «Мен Астанада тұрамын» дейді. Бірде үйіне бардық. Сұлтанның қызы кішкентай Айлин Сайн да әкесінің сөзін қайталап, қызыға әрі қуана айтты. Расында Астананың тұрғыны. Бірақ сіз ойлаған Астана емес, Арал қаласындағы Астана көшесі. Расында Арал қаласында ел астанасының атын асқақтатып тұрған қаламен аттас көше бар. Орталықтағы бұрынғы Школьная көшесіне Астана атауы берілгеніне көп уақыт болмады.
Қаланың ең көрікті тұстарының бірі орталық алаңға бастайтын көшеде бүгінде 30-дан аса тұрғын үйлер мен мекеме ғимараттары бар. Қаланың ажарын аша түсіп, күн сайын сәулетіне салтанат қосып келе жатқан қаламыздың да елордадай еңсесі биік, аты әлемге мәшһүр болсын дейміз.
О. ЖЕКСЕМБАЙҰЛЫ
06 шілде 2023 ж. 242 0