Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Биылғы ҰБТ қорытындысы қандай?

Биылғы ҰБТ қорытындысы қандай?

Қазақстанда негізгі ҰБТ аяқталды. Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев ҰБТ қорытындысы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қуаныш Ерғлиевтің мәліметінше, 18 мамыр мен 5 шілде аралығында барлығы 304 мың түлек тестілеуге өтініштерін білдірді. Солардың 76 пайызы қазақша тест тапсырды. 79 пайыз шекті балл алды. Былтырғы жылмен салыстырғанда шамамен 10 пайызға өсті. Сонымен қатар, биыл ҰБТ орташа балы - 70, бұл былтырғы көрсеткіштен 3 балл жоғары.


Биыл жоғары оқу орнына түсетін абитуриенттерге көп жағдай жасалды. Президенттің тапсырмасына сәйкес, биыл гранттардың саны 5 мыңға өсті. Ал стипендияның мөлшері 20 пайызға өсетін болады.

    "2023-2024 оқу жылына бөлінетін мемлекеттік тапсырыстың көлеміне тоқталар болсақ: бакалавриатта – 73061 грантты, магистратурада – 13088 грантты, докторантурада – 1890 орын. Гранттарға қатысты биылғы ерекшеліктерді атап өтер болсам:
    гранттардың 60 пайызы инженерлік және техникалық мамандықтарға бөлінді;
    педагогикалық квотаны 47 пайызға дейін ұлғайттық. Ол тек өңірлік университеттерге ғана бөлінді.
    Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, биыл халық тығыз қоныстанған, батыс өңірінен шыққан жастарға жаңадан құрылған облыстардың жастарына арнайы 5000 грант қарастырылған;
    – әлеуметтік осал жеті топқа,
    – ауыл түлектеріне (35 пайыз) арнайы квота қарастырылған;
    – алғаш рет ауылшаруашылық және инженерлік бағыттарды қолдау мақсатында пилоттық режимде арнайы квота бөлдік. Ол тек өнерлік университеттерге;
    – "Серпін" бағдарламасы бойынша 18 ЖОО-ға 3653 грант қарастырылды;
    – шетелдік университеттердің филиалдарда оқу үшін арнайы грант бөлінді", - дейді вице-министр.

Биыл грант конкурсына құжаттар 13-20 шілде аралығында электрондық форматта қабылданады. Нәтижелерін 10 тамызда жариялау жоспарланған.

Ал университеттер 25 тамызға дейін жастарымызды студенттер қатарына қабылдайды.

    "Қорытындылай келе, талапкерлерге айтарымыз, оқу орнын тандағанда жатақхананың болуын тексеріп алу қажет. Алматы мен Астанадағы жатақханаларда орын жетіспеушілігі мәселесі бар. Сондықтан өңірлік университеттерге түсуге кеңес береміз. Ал сапа жағынан ешқандай кем емес", - дейді Ерғалиев.
06 шілде 2023 ж. 182 0