Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жүргізуші куәлігін алмастыру жолдары

Жүргізуші куәлігін алмастыру жолдары

1. Egov.kz сайты арқылыEgov.kz порталында жүргізуші куәлігін ауыстыруға құжаттарды тапсыру үшін:
1. электрондық цифрлік қолтаңбаны (ЭЦҚ) алу;
2. авторлану және өтініш беру. Өтінішке қоса:
• сандық фотосурет және электрондық қолының суретін қосу;
• мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат немесе түбіртек (ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда).
Қызмет көрсету мерзімі: 2 сағат.
Аралық қызмет көрсету нәтижесі: электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы хабарлама.
Қызмет көрсету нәтижесі: жүргізуші куәлігі, уақытша жүргізуші куәлігі немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Ескерту: жүргізуші куәлігін беру барысында мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында сізден қосымша құжаттарды сұрауы мүмкін (құжаттар тізімі келесі карточкада көрсетілген).
2
ХҚКО-да жүргізуші куәлігін қалай алуға болады
Жүргізуші куәлігін ауыстыруға өтінішке қоса келесі құжаттарды тапсыру керек:
1. жеке тұлғаны растайтын құжат;
2. бұрын берілген жүргізуші куәлігі;
3. аты-жөнін ауыстыруды растайтын құжат (ауыстырылған жағдайда);
4. № 083/У формасындағы медициналық анықтама және оның көшірмесі (анықтаманы тіркеу бойынша емханадан немесе Мамандандырылған ХҚКО-нан алуға болады), «Наркология мен психотерапии орталығынан» алкогольдік, токсикологиялық және наркологиялық тәуелділігң жоқ туралы анықтама, және «Психиялық денсаулық орталығынан» анықтама (мамандандырылған ХҚКО-нан алуға болады) және де флюорография (тіркелу орны бойынша емханадан алуға болады);
5. 1,25 АЕК мемлекеттік баж төлеуді растайтын чек (мамандандырылған ХҚКО-да немесе екінші деңгейлі банкіде төлеуге болады);
6. Сыртқы істер министрлігінің дипломатиалық корпуспен жұмыс істеуге берілген жолдама (жетел азаматтары мен азаматтары жоқтарға).
Қызмет көрсету мерзімі: 2 сағат.
Қызмет көрсету нәтижесі: жүргізуші куәлігі, уақытша жүргізуші куәлігі немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
3
Қолданылу мерзімі аяқталмаған жағдайда
Қолданылу мерзімі аяқталмаған жүргізуші куәлігін алу үшін тіркеу-емтихан жол полициясы басқармасының бөлімшесінде, Алматы қаласы мамандандырылған ХҚКО-да немесе Алматы қаласында мынадай құжаттар қажет:
1. басып шығарылған хабарлама;
2. бұдан бұрын берілген жүргізуші куәлігі;
3. жеке басын куәландыратын құжат;
4. медициналық анықтама № 083/У формасы және оның көшірмесі.
Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесі: жүргізуші куәлігін, уақытша жүргізуші куәлігін алу не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы негізделген жауап.

Жаз маусымы келген сайын жолға қатысушылар саны артады. Біреулер рульге алғаш рет отырса, кейбіреулер мотоциклді жүргізе бастайды. Сондай-ақ автокөлікті не мотоциклді сатып алуды жоспарлап жүрген адамдар да бар және олар үшін ең бастысы авто-мотокөлікті басқару құқығын беретін жүргізуші куәлігін алу болып табылады. Осы мақала «А», «В» санаттағы жүргізуші куәлігін алу процесі, осы құжатты алу үшін үшін жасалатын әрекеттер, жол қозғалысына толыққанды қатысушы болу үшін қандай құжаттарды жинау керектігі жөнінде баяндайды.Жүргізуші куәлігін алу процесін шартты түрде мынадай кезеңдерге бөлуге болады:• жол қозғалысының ережелерін оқу және көлік құралын жүргізуге үйрену;
• емтихан тапсыру;
• құжаттарды жинау;
• құжаттарды тапсыру және жүргізуші куәлігін алу.
Жүргізуші куәлігін алу үшін мемлекеттік баждың құны 1,25 АЕК құрайды.
Жүргізуші куәлігін кім алуы мүмкін?

Жүргізуші куәлігі келесі жасқа толған адамдарға берілуі мүмкін:
• «AI» кіші санатының көлік құралдары — он алты жасқа толған адамдарға;
• «А», «В» санатының және «B1», «C1» кіші санаттарының көлік құралдары — он сегіз жасқа толған адамдарға;
• «С» санаттарының және «D1» кіші санатының көлік құралдары — жиырма бір жасқа толған, үш жылдан кем емес жүргізуші өтілі бар, соның ішінде «С1» санатына жататын көлік құралдарын басқару өтілі бір жылдан кем емес адамдарға;
• «D», «Тm» және «Tb» санатты көлік құралдарын — бес жылдан кем емес мерзімде жүргізуші жұмыс өтілі бар жиырма бес жасқа толған, соның ішінже үш жылдан кем емес «D1» санатына жататын көлік құралдарын басқару өтілі бар адамдарға;
• «BE», «СЕ», «DE» санатты көлік құралдарының құрамы — он екі айдан кем емес мерзім ішінде «В», «С» немесе «D» санатты көлік құралдапын басқару құқығы бар адамдарға;
• «С1E», «D1E» кіші санатты көлік құралдары құрамдары — он екі айдан кем емес мерзімде «С», «D» санаттары немесе «C1», «D1» кіші санаттарымен көлік құралдарын басқару құқығы бар адамдарға.
Сонымен қатар, ұлттық жүргізуші куәлігін Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркеуде тұрған шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ тұлғалар ала алады.
Жүргізуші куәліктің жаңа үлгісі 2015 жылдың 03 наурызынан бастап күшіне енді, оның келесі санаттары бар:
1. «А», «A1» - екі дөңгелекті мотоциклдарда;
2. «В» - рұқсат берілген ең көп массасы 3 500 кг аспайтын және отыратын орынның саны жүргізушінің орнын санамағанда 8-ден аспайтын, өзінің техникалық мінездемесімен сағатына 100 км кем емес жылдамдықты ала алатын автокөлікте;
3. «B1» - трициклдарда немесе квадроциклдарда;
4. «С», «C1» - рұқсат берілген ең көп массасы 3 500 кг аспайтын жүк автокөлігінде;
5. «D» - отыратын орынның саны 28-ден кем емес және ұзындығы 7,0 м кем емес автобустарда;
6. «D1» - отыратын орынның саны 28-ден аспайтын және ұзындығы 7,0 м аспайтын автобустарда;
7. «BE» - рұқсат берілген ең көп массасы 3 500 кг аспайтын және отыратын орынның саны жүргізушінің орнын санамағанда 8-ден аспайтын, өзінің техникалық мінездемесімен сағатына 100 км кем емес жылдамдықты ала алатын, - рұқсат берілген ең көп массасы 1000 кг кем емес тіркемемен, ал көлік құралы составтың массасы 3 500 кг аспайтын автокөлікте;
8. «СЕ», «C1E» - рұқсат берілген ең көп массасы 3 500 кг асатын, арасын 1 метрден астам кемінде екі қос доңғалақ білігі бар тіркемесімен немесе жартылай тіркеме;
9. «DE», «D1E» - буындасқан автобустарда немесе отыратын орнының саны 28 кем емес және ұзындығы тіркемемен 7,0 м кем емес, рұқсат берілген ең көп массасы 1000 кг аспайтын автобустарда;
10. «Tm» - трамвайда;
11. «Tb» - троллейбуста.
Жүргізуші куәлігін алу үшін құжаттар тізбесі
азіргі уақытта жүргізуші куәлігін алудың екі жолы бар: «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның филиалына жүгіну арқылы, тек жүргізуші куәлігін ауыстырған жағдайда «электрондық үкімет» порталы арқылы.
Көлік құралдарын басқару құқығына жүргізуші куәлігін алғаш алу немесе қосымша санаттар алу үшін үміткер Мемлекеттік корпорацияға:
1. Ереженің 7-қосымшасына сәйкес жүргізуші куәлігін алу үшін толтырылған нысаны. Бұл құжат Мемлекеттік корпорацияға берілмеген;
2. Жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін қажетті);
3. Медициналық анықтама және оның көшірмесі;
4. Курстың аяқталуы туралы куәлік және оның көшірмесі немесе автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы алынған құжат (өзін-өзі оқыту жағдайларын қоспағанда);
5. Мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат;
6. «С», «D1», «D», «Тм», «Тб» қосымша санаттарын беру үшін жұмыс өтілін растайтын құжат (жұмыс орнынан анықтама) ұсынады.
* «А», «В» санаттары және «А1», «В1» кіші санатты көлік құралдарын басқару құқықтарын алуға үміткер және өздері дайындықтан өткен адамдар куәлік ұсынуға міндетті емес."А", "В" санаттары, "А1", "В1" кіші санаттары бойынша өздігінен дайындалған адамдар емтихандарды Мемлекеттік корпорация ғимараттарында және автоматтандырылған автодромда тапсырады.
Көлік құралын басқару құқығынан айыру мерзімі аяқталғаннан кейін жүргізуші куәлігін алу үшін ЖЖҚ-дан теориялық емтихан ғана тапсырылады.
Жүргізуші куәлігінің қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін оны ауыстыру кезінде теориялық және практикалық емтихан тапсырылмайды.
Лена САУРЕНОВА,
ХҚК орталығының маманы
11 шілде 2023 ж. 288 0