Қызылордалық полицейлер жоғалған 4 жастағы бүлдіршінді аман-есен тапты

Жоғалған жасөспірімді табуға Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Ақсай полиция бөлімінің қызметкерлері жұмылдырылды. Жедел жүргізілген іздеу шараларының нәтижесінде 4 жастағы бүлдіршін сағат 16:05 шамасында аман — есен табылды.
Дін аман табылған жасөспірімнің ата — анасы 102-ге хабарласқан сәттен бастап, бірден іздестіруге кіріскен және кәсібилік пен жеделділік танытқан полиция қызметкерлеріне алғыстарын жеткізді.
syrboyi.kz