Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде заңдастырылмаған көліктерді уақытша тіркеу басталды

Елімізде заңдастырылмаған көліктерді уақытша тіркеу басталды

ІІМ 17 шілдеден бастап бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылмаған немесе шектеулерге байланысты заңдастырылмаған, 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен Қазақстанға әкелінген автокөліктерді бес жылға уақытша тіркеуді бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Азаматтарға автокөліктермен туындаған заңды мәселелерді шешу және оларды құқықтық салаға енгізу үшін уақыт беріліп отыр. Уақытша тіркеу үшін көлік құралдарының иелері “уақытша тіркеу” тізіміне автокөліктің VIN-кодын енгізу үшін өтінішпен және растайтын құжаттарымен әкімшілік полиция басқармасының процессингтік орталығына жүгінуі қажет.

ҚР ІІМ-нің хабарлауынша, “Уақытша тіркеу” тізіміне енгізгеннен кейін көлік құралының иесі электронды үкімет порталы арқылы көлікті тіркеуге өтінім береді. Содан кейін 10 минут ішінде автоматты түрде тексеру жүзеге асырылады. Оң нәтиже болған жағдайда көлік иесінің жеке кабинетіне сәтті тексеру туралы және Мемлекеттік корпорация жанындағы тексеру пунктіне көлік құралын ұсыну қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі.

Тексеру пунктінде криминалист 15 минут ішінде көлік құралының нөмірлік агрегаттарын салыстырып тексереді. Тексеру нәтижелері оң болған кезде көлік иесі электрондық кезек бойынша Мемлекеттік корпорация қызметкеріне автокөлікті тіркеуге құжаттарды тапсыру үшін жолданады, ол жерде мемлекеттік нөмір(9 660 тг) мен мемлекеттік тіркеу құжаты (4 313 тг) үшін мемлекеттік баж төлеп, көлік құралын бес жылға тіркеу, сонымен қатар көрсетілген мерзім өткеннен кейін оны кері әкету туралы міндеттемеге қол қояды.

Атап өту қажет, тіркеу құжаттарының түпнұсқалары және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері көлік құралының тіркелген жері бойынша Мемлекеттік корпорация филиалында уақытша тіркеу мерзімі өткенге дейін сақталады, – деді ҚР ІІМ ӘПК басқарма бастығы орынбасарының міндетін атқарушы Алтынбек Жамалиев.

Тіркеу туралы куәліктің айрықша белгісінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығу және иеліктен шығару құқығынсыз деген жазба, тіркеудің қолданылу мерзімі, сондай-ақ автокөліктің бұрынғы шетелдік иесінің деректері көрсетіледі.
19 шілде 2023 ж. 144 0