Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Суға түссеңіз, сақ болыңыз!

Суға түссеңіз, сақ болыңыз!

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары сіздерден суға түсу кезіндегі ережелерді қатаң сақтауларыңызды сұраймыз. Апта көлемінде аудан көлемінде 1 суға кету оқиғасы тіркелгендігін мәлімдейміз. Осыған орай Арал ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі ескертеді: Суға шомылуды желсіз, ашық ауа райында бастаңыз, ауаның температурасы 20-25, судың температурасы 17-19 градустан кем болмағаны жөн. Сондай-ақ суға абайлап түсіңіз, жүзу білмесеңіз, белден асатын тереңдікке бармаңыз. Өзіңізді қалтырап тоңуға дейін жеткізбеңіз. Суға жалғыз шомылмауға тырысыңыз және бірден тамақ ішкеннен кейін және мас күйде шомылмаңыз.
–Сондай-ақ суға түсу кезінде мына жаттарды естен шығармаңыз:
–қоршау белгілерінен тысқары жүзбеңіз;
–тыйым салынған жерлерде шомылмаңыз;
–балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
–шомылғанда камераларды, доптарды, тақтайларды, үрмелі матрацтарды пайдаланбаңыз және суда ойнап, шолжаңдауға жол бермеңіз;
–өтіп бара жатқан катерлерге, қайықтарға қарай жүзбеңіз;
–суға көпірлерден, тоғандардан, айлақтардан, қайықтар мен катерлерден, катамараннан секірмеңіз, таныс емес жерлерге сүңгімеңіз;
–иесіз және техникалық ақаулары бар қайықтарды пайдаланбаңыз;
–қалқымалы құралдарға техникалық төлқұжаттағы көрсетілген артық жолаушылыр мен жүктерді алмаңыз;
–арақ ішіп, қайықпен қыдырмаңыз, оның бүйіріне (жақтауына) және тұмсығына отырмаңыз;
–бір орыннан екінші орынға, бір қайықтан екінші жүзетін құралға ауысып отырмаңыз:
Суға шомылу барысында сіңірі тартылған адам өзіне-өзі көмек көрсете алады. Оның тәсілдері мынадай: қолдың саусақтары тартылса, тез саусақтарыңызды жұмып, жұдырығыңызды түйіңіз, қолды жан-жаққа жұлқи лақтырғандай қимыл жасап, жұдырығыңызды ашыңыз. Балтыр-аяқ бұлшық еттері тартылса, аяқты бүгіңіз, сіңірі тартылған аяқтың табанын ұстаңыз және өзіңізге қарай қатты тартыңыз. Сан бұлшық еттері тартылса, аяқты сирақтың сырт жағынан ұстаңыз және оны тізеге бүгіп, артқа, белге қарай тартыңыз. Сіңірдің тартылуы кетпесе, осы әдісті тағы қайталаңыз.
Құрметті оқырмандар! Суға шомылып, демалу кезінде қайғылы жағдайларға душар болмау үшін қауіпсіздік ережелерін сақтап, немқұрайлықтың құрбаны болмаңыздар.
Арал ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі
20 шілде 2023 ж. 284 0